Компьютербасты жартыадамдар... Балам жылап ноутбук әпер деді, Ал, қызым, планшетті қолай көрді. Жәй сотканы менсінбей әйелімде, Керегі андройд деп күңкілдеді. Өз басым айфон ұстап жүргеннен соң, Бұларға әпергенім болар бір жөн. От басымның тілегін орындамай, Сыртынан пішпейін мен киелі тон. Дедім де, тілектерін орындадым, Көңілдерін көтердім деп ойладым. Көршінің балдарынан кем болама, Ақшаның бетіне де қарамадым. Маманға айтып “wi-fi” ды орнаттым кеп, Керегі жылдам ұшқыр ғаламтор тек. Уақыттың біразын соған бөлем, Балама: кетші әрі, қоя тұр деп. Балам отыр мәз болып “GTA” ойнап, Планшетпен қызым жүр жүзі жайнап. Әйелімде агентте сырласады, Логині мен паролін жасырады. Өз обалым өзіме несі керек, Жанұямның жағыдайы кетті жүдеп. Балаларым сабақты жыйып қойды, Әйелімде тірлікті тыйып қойды. Жұмыстан шаршап келсем береке жоқ, Дайын емес кешкі ас, айғай шу көп. Кір киімім жуылмай сақтаулы тұр, Кір мәшине ішінде быламық боп. Дастарқанның басында бірікпейміз, Біріксек те тіл қатып сөйлеспейміз. Әр қайсымыз кіріп ап әр әлемге, Дүниенің қызығы осы дейміз. Белшемізден батқан соң күнә істерге, Жанұяның жағыдайы түзелер ме? Осыны көріп оскен балдарымыз, Ардан безіп сан түрлі күнә істеуде. Алланы санасына құймаған соң, Шайтанның арбауына ілесуде. Иманымыз жүректе аз болған соң, Нәпсімен шамамыз жоқ күресуге. Баланы жастайынан деген қазақ, Бұл бір сөз бүгін міне болды мазақ. Астына қымбат көлік беріп қойып, Жол апатын көбейттік міне ғажап. Баламыз кісі өлтіріп жатса дағы, Аламыз ақша беріп арашалап. Күң басқан, лайланған қара жүрек, Барады күннен күнге мүлдем жүдеп. Намазға белімізді бүге алмаймыз, Асқақтап аспанға алыс қараймыз деп. Шуылдап жалған өмір бір күні өтер, Байлық, мәнсап, бақталас бәрі бекер. Қаншама қу дүниені жиғанменен, Айтшы кімдер соңынан қуып жетер? Тұрғанда бізді алдан сұрақ күтіп, Сайран сап шегірткедей ойнап күлдік. Қойшы сен, сонда барып біліп кеп пе ең? Дейміз-ау жәннәтті айтса бойлап күдік. Сан ғасыр ғұламалар өтті-ау қанша, Тарихтың төрінде әлі орны басқа. Қырық жыл елге басшы болған кеше, Дінмұхамет ағамыз Қонаевта. Қазақтың келешегін көркейтем деп, Бар еңбегін салыпты аянбастан. Ал Ахмет Алаштың кемеңгері, Әдебиетті зеріттеп келген еді. Қазақ тілін дамытып, түрлендіріп, Халыққа сіңген оның зор еңбегі. Бүгінде Абай сынды ұлы ақындар, Айтысқа орасан зор сән келтірді. Мұхаметжан жыр жазып топты жарып, Халықтың мейіріміне бөленеді. Ал Серік Қалиевта Хақты танып, Алланы ұлықтаумен нұрға енеді. Жүрегіміз тот басып қалғасын ба, Солар жазған жырларды түсінбедік. Аллаға бір мезгілді бөле алмай, Түнімен көше кезіп, құр сенделдік. Құранның мәтіндерін оқығанмен, Құдіретін шынында сезінбедік. Түсіміз мүмін болып көрінгенімен, Ішімізде шайтан жүр қолдау беріп. Иманнан жұрдай болып зар жыладық, Құдайға не жаздым деп, шағым төгіп. Ақ қағаз көк сиямен шимайланбас, Шабыт бермей жыр жазу миға қонбас. Өзін өзі жуынып, шайып тұрса, Жүрек шіркін ешқашан лайланбас. Иә Алла мейірімің шексіз неткен, Арманым орындалды-ау, көптен күткен, Алғысымды білдірем шын жүректен, Қиналғанда қол создың биік көктен. Шешімін тауып беріп көп күдіктің, Қолдаушысы болдың-ау, бар үміттің. Ай далада бейтаныс, бөтен жанды, Көмекшім ғып алдымда зыр жүгірттің. Осыдан байқалмай ма Хақ екенің, Тура жолды көрсетіп сілтегенің. Өзіңсің ғой қорғаушым, қамқоршым да, Шын көңілмен шаттанып, басымды идім.

Теги других блогов: продвижение SEO Google